Әлібек Қуантыров Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Максим Орешкинмен кездесті

Кездесуде тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларын талқылады. Ә.Қуантыров Қазақстан мен Ресей президенттерінің жақында өткен кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды бағыттар белгіленгенін атап өтті.

Атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, машина жасау, көлік және т. б. салалардағы жаңа стратегиялық бірлескен жобалар туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Инвестициялық өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейі сақталуда. Ресейдің тікелей инвестицияларының көлемі соңғы 18 жылда $20 млрд-тан асты. Өз кезегінде, қазақстандық инвестицияның көлемі 2005 жылдан бастап $6 млрд-қа жетті.

ҚР ҰЭМ басшысы атап өткендей, екі елдің үкіметтері алдында өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі арттыру міндеті тұр. Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сондай-ақ экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тығыз байланыста болуға дайын екендіктерін білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2149 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3785
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
Forbes Video

Бексултан Казыбек: Aminokka в Disney, BIP House в США, сумасшедшая фанатка и встреча с министром

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить