ҚР-да бір жылда көмір 11% қымбаттады

2023 жылдың қаңтар–қазан аралығында елімізде қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда 95,3 млн тонна тас көмір өндірілді. Бұл былтырғыдан 1,5% аз. Өндірілген тас көмірдің өзі 88,3 млн тонна. Қоңыр көмір (лигнит) өндірісі 4 млн тоннаны, көмір концентраты өндірісі — 3 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды energyprom.kz.

Республикадағы көмір өндірудің 91,5%-ы негізгі тау-кен өндіруші аймақтар Павлодар және Қарағанды облыстарының үлесіне тиді. Павлодар облысында 56,6 млн тонна көмір (былтырғыдан 1% артық), Қарағанды облысында 30,6 млн тонна көмір (бір жылда 2,5% азайған) өндірілді.

Толық 2022 жылы елде 117,8 млн тонна көмір өндірілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,4% артық.

Биыл қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша Қазақстан 538 млн АҚШ долларына 20,1 млн тонна көмір экспорттады. Физикалық түрде төмендеу 19,7%, ақшалай түрде — 28,5%.

ТМД елдеріне 13,3 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл былтырғыдан 15,7% аз. Оның басым бөлігі солтүстік көршіміз Ресейге жіберілді: 11,8 млн тонна, бір жылда 20% азайған. Қазақстандық көмірді импорттаушы алғашқы үштікке Қырғызстан мен Өзбекстан да кірді.

Әлемнің қалған бөлігіне 6,7 млн тонна көмір жөнелтілді — бұл былтырғымен салыстырғанда 26,6% аз. Ақшалай есептегенде экспорт 28,9%, 379,3 млн АҚШ долларына дейін қысқарды. Мұнда ҚР-дан көмірді негізгі импорттаушылар Польша, Латвия және Түркия.

Сонымен бірге, мысалы, Абай атындағы «Қаражыра» көмір кеніші Украинаға көмір экспорттауын тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz. Себебі соғыс. Бұған дейін жеткізу жылына 200 мыңнан 600 мың тоннаға дейін болатын. Компания РФ арқылы Польша мен Беларуське көмір экспорттау кезінде де транзиттік қиындықтарды бастан кешіреді. Мұнда да жоспарды үзіп, процеске кедергі жасап отырған Ресей себеп болып отыр.

ҚР ішкі нарығында биыл қарашаның қорытындысы бойынша көмір бір жылда 10,8% қымбаттады.

Өңірлер бойынша ең көп жылдық баға өсімі Қарағанды облысында тіркелді: 23,6%.

Көмір бағасының қымбаттауы Қызылорда (16%) және Ақтөбе (14,7%) облыстарында да жоғары болды.

Ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында байқалды: бар болғаны 2,6%. Еліміздің екі өңірде — Астанада және Жамбыл облысында көмір арзандады: тиісінше 1,4% және 3,1%.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2377 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Казахи в Украине: бизнес в условиях войны

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить