Ел өнеркәсібінің төрттен бір бөлігі Атырау облысына тиесілі

Биыл мұнайлы өлкенің өнеркәсіптік көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Шығарылған өнім көлемі 14%-ға артып, 9 трлн теңгені құрап отыр. Өңір әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникацилар қызметінің алаңында баяндама жасап, саладағы өзгерістер жайына тоқталды.

Оның айтуынша, жалпы республикамыздың өнеркәсіп көлемінің 24%-ы Атырау облысына тиесілі. Аймақта 10 ай ішінде 43,9 млн тонна мұнай, 22,7 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндiрілді.

Мұндай жоғары жетістіктер облыстың жалпы ішкі өңірлік өнім көлемі көрсеткішіне де оң әсерін тигізді. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы 1 жартыжылдықта облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 315,2 млрд теңгеге өсіп, 6,7 трлн теңгені, нақты көлем индексі 103,8%-ды құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыс экономикасының үлесі – 14,1%. Ал жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 9,6 млн теңге. Әкім өңірдің салықтық түсімдері жайлы да айтып өтті.

«Жыл басынан бері салықтық және басқа да міндетті түсімдер 4,8 трлн теңгені құрады. Оның 2,3 трлн теңгесі мемлекеттік бюджетке жөнелтілді. Яғни 1,7 трлн теңгесі республикалық бюджетке, 6 млрд теңге қаражат жергілікті бюджетке түсті. Ұлттық қорға 2,5 трлн теңге аударылды», – деді Серік Шәпкенов.

Өңір әкімі басқа да маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге тоқталып, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау қызметіндегі оң өзгерістерді атап өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3275 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3790
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2445
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3204
12 декабря родились
депутат сената парламента РК
Forbes Video

Досым Сатпаев: продукты системы Назарбаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить