Атырау облысында инвестиция тарту көрсеткіші жоғары

Атырау өңірі бүкіл республика бойынша инвестициялар тарту бойынша алдыңғы орында тұр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде сыртқы инвестиция – 902 млрд теңге, ішкі инвестиция – 1,5 трлн теңге. Бұл жайында өңір әкімі Серік Шәпкенов орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.

Елімізге тартылған инвестициялардағы Атыраудың үлесі 18,3%-ды құрайды.

«Есепті кезеңде облысқа 3,5 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Оның ішінде, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуға, құрылысқа, кәсіби, ғылыми-техникалық қызметке және басқа да салалары қамтылды», – деді С.Шәпкенов.

Биыл облыста полипропиленнен өнім өндіретін 3 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Өңір әкімі бұл кәсіпорындардың қай бағытта жұмыс істейтіні жайлы айтып өтті.

«Біріншісі -құны 76 млрд теңгені құрайтын Атырау қаласынан жүк тасымалдайтын теміржол вагондарын жасау зауыты. Зауытта 1 700 адам жұмыспен қамтылады. Екіншісі- сұйытылған газ сақтау қоймасы. Жоба құны – 18 млн АҚШ доллар. Үшіншісі – аумағы 5,6 га құрайтын жылыжай құрылысы. Жоба құны – 8 млрд теңге», – деді өңір басшысы.

Олар 2024 жылы іске қосылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3231 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3988
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Кто даёт деньги стартаперам?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить