Көлік министрлігі: ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін қызметтерді белсенді дамыту тапсырылды

Өңірлер бойынша жұмыс сапары барысында көлік министрі Қызылорда қаласынан Алматыға дейінгі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің учаскесін қарап шықты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сапар барысында Көлік министрлігінің басшысы мердігер ұйымдардың өкілдерімен, ұлттық жол активтері сапасы орталығының сарапшыларымен және жол ғалымдарымен біргежол төсемі мен жол инфрақұрылымының жай-күйін тексерді.

Бүкіл сегментте деформациялық тігістерді орнатуға және цемент-бетон жабындарындағы технологиялық қималарды герметизациялауға, сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеу, салу және оларға қызмет көрсету кезінде инновациялық технологиялар мен материалдарды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министрдің жұмыс сапары кестесіндегі міндетті тармақ Шақпақ баба ауылының аумағындағы автомобиль тоннелі болды. Оның құрылысы әлі де жалғасуда, дегенмен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жол учаскесі бұрыннан халық игілігіне пайдалануға берілген.

Қазіргі уақытта тоннельде бетон жұмыстары 100% аяқталды және арка бетін тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазжолҒЗИ» АҚ техникалық қадағалау қызметінің ақпараты бойынша, сол жақ тоннельдегі асфальтбетон жұмыстары 100%-ға, оң жақтағысы жартылай аяқталған.

Сондай-ақ көлік ведомствосының басшысы жол бойындағы сервис объектілерін және жол ақысын алу жүйесінің инфрақұрылымын қарап шықты. Өз кезегінде «ҚазАвтоЖол» ҰК ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін қызметтерді белсенді дамытуды тапсырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3736 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4325
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3036
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3783
3 октября родились
Асхат Шахаров
аким города Актобе
Загипа Балиева
проректор Казахского национального исследовательского аграрного института, экс-министр юстиции
Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить