Лакшми Миттал Қазақстан үкіметімен жасалған мәміле туралы айтты

Лакшми Миттал Қазақстан Үкіметімен жасалған мәмілеге қатысты пікір білдірді. Kazinform бұл туралы ArcelorMittal корпорациясының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметкерлеріне соңғы 28 жыл ішінде қосқан үлесі үшін алғыс айтқымыз келеді. Бизнес үлкен қиындықтарға тап болғанымен, мақтануға тұрарлық көптеген елеулі жетістіктер де бар. «АрселорМиттал Теміртау» «АрселорМитталдың» өте құнды бөлігі болды. Қазақстан жайлы және бізбен қызметтес болған барлық адам туралы естеліктерді өзімізбен алып кетіп барамыз», - делінген хабарламада.

Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal мәмілені аяқтады. Оның аясында Үкімет бақылауындағы жеке капитал қоры Qazaqstan Investment Corporation («QIC») «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «АрселорМиттал Тубулар Продактс Актау» АҚ акцияларының 100%-ын сатып алды. Көп айлық талқылаудың нәтижесі болып саналатын бұл келісім стратегиялық тұрғыдан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған және барлық қатысушы тараптың өзара мүддесіне сай келеді.

Мәміле шарттарына сәйкес активтер портфелі «сол қалпында» беріледі. Осылайша, келісімге қол қойылғаннан кейін QIC «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметіне толық бақылау жүргізу мен жауапкершілікті өз мойнына алды. Компания ребрендингтен өтіп, жаңа атаумен жұмыс істейтін болады.

ArcelorMittal 1995 жылдан бері болат зауыты мен біріктірілген темір рудасы мен көмір шахталарына иелік етті. Осылайша шамамен отыз жылға жуық уақыт елдегі біріктірілген болат өндірісін жалғастыруға ықпал етті. Болат және тау-кен активтері жергілікті және аймақтық экономикада маңызды рөл атқарады.

Жаңа меншік иесі ретінде Қазақстан Үкіметіне компанияның ұзақмерзімді қаржылық және операциялық тұрақтылығына қолайлы жағдай жасау міндеті жүктелді. Ағымдағы операциялардың үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ете отырып, барлық қолданыстағы бизнес-процестердің тиімділігін сақтау ғана емес, сонымен қатар арттыру өте маңызды. Бұған қоса, үкімет компанияның инновациялық даму бағыттарын ілгерілетуге міндеттеледі.

Мәміле шарттарына сәйкес, ArcelorMittal соңғы өтемақы ретінде 286 миллион АҚШ долларын алды. Бұл шамамен 800 миллион АҚШ долларына тең капиталға теріс әсер етті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4367 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить