Жайық өзені қатып, Атырау сусыз отыр: Әкімдікте комиссия құрылды

Атырау қаласының кейбір бөлігі кешеден бері сусыз отыр. Бұған Жайық өзенінде мұз қатып, су сору қондырғыларының жұмысы тоқтағаны себеп болды, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылғанын мәлім етті. Комиссияға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жетекшілік етеді.

Ал «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 9 желтоқсанында жергілікті уақытпен сағат 23:30 шамасында су беру тоқтатылған.

«Ауа райының күрт салқындауынан Жайық өзенінде мұз қатып, ағыс жылдамдығы төмендеді. Осыған байланысты Атырау қаласының су тазарту кешеніне су беру тоқтатылды. Бүгін, 10 желтоқсан, таңғы сағат 4:30-да қаладағы желілерге төтенше жағдайларды болдырмау үшін төмен қысыммен су берілді. Ал «Атырау-Мақат» магистральдық құбыры бағытына, оның ішінде «Береке» шағын ауданындағы тоғыз қабатты үйлерге, Көктем, Жұлдыз-3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 шағынаудандарына техникалық себептерге байланысты су жіберілмеді», - деді кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Қазір «Атырау облысы Су Арнасы» мекемесіне қарасты «Шауш» су тазарту қондырғысының сорғы стансаларындағы мұзды жою, құбырларды тазалау мақсатында облыстық төтенше жағдайлар қызметінің күштері жұмылдырылды. Алайда, төтенше жағдай ережесіне сәйкес, түнгі уақытта тазалау, басқа да су тиеу жұмыстары жүргізілмейді. Осыған байланысты барлық жұмыстар таңғы сағат 8:00-де басталды.

Жайық өзенінде мұз қатып, Атыраудағы су сору қондырғылары тоқтап қалғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4574 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить