​​Қазақстан Палестина халқына қосымша материалдық гуманитарлық көмек жеткізді

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен және «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп Палестина халқына гуманитарлық көмек жүгін арнайы ұшақпен жеткізді.

Аталған бортпен Қазақстанға Газа секторынан эвакуацияланған 28 адам – ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге жеткізіледі. Барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де қолдау көрсетілетін болады. Бұған дейін ү.ж. 17 қарашада жалпы саны 99 адамнан тұратын азаматтардың бірінші тобы сәтті эвакуацияланды.

Жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмек Мысырдың «Қызыл Жарты Ай» қоғамына тапсырылды. Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігі Мысыр билігімен бірлесіп қазақстандық көмекті мұқтаж палестиналықтарға жеткізеді.

Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде осы ұйымның мүшесі Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4072 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить