Түркістан облысы мен Литва мемлекеті арасында байланыс нығаяды

үркістан облысы әкімінің бірініші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Литва Республикасының төтенше және Өкілетті елшісі Эгидиюс Навикас және Литва Республикасының Қазақстандағы құрметті Консулы Кадырбеков Мамадиярмен кездесті.

Іскерлік кездесу барысында 4 бағыт бойынша ұсыныстар айтылып, берер мүмкіндіктері мен нәтижелері кеңінен сараланды. Атап айтсақ, еңбек көші-қоны, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, білім және медицина салаларын жетілдіру мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.

Зұлпыхар Жолдасов литвалық өкілдердің ұсыныстарына қызығушылық танытқанын, аталған салалар бойынша тығыз байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді.
– Бізді сіздердің ұсыныстарыңыз қызықтырды. Түркістан облысының халқы – еңбекқор. Дегенмен, бізде білікті мамандар жеткіліксіз екені жасырын емес. Қарапайым дәнекерлеушіден бастап, хирургке дейін мықты мамандар базасын дайындау керек. Түркістан облысы – ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатардағы өңір. Сұранысы жоғары экологиялық таза өнім дайындауға да мүмкіндіктер мол. Айтылған ұсыныстарды жіті қарап, бірге жұмыс істеуге дайынбыз, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Литвалық тарап ЖОО мен колледж студенттерін Литва Республикасына білімін арттыруға жіберуді, жастарға білім алу үшін барлық жағдай жасалғандығын жеткізді. Сонымен қатар жоғары білікті мамандар дайындау бойынша айлық, жылдық оқыту курстарын ұйымдастыруға дайындығын айтты. Бұдан бөлек, әлемнің үздік ондығына кіретін білікті профессорлар мейірбикеден бастап хирургқа дейінгі медициналық персоналды дайындауға, тәжірибеден өткізуге мүмкіндік бар екенін тілге тиек етті. Түркістан облысында әлемдік стандартқа сай бірлесе клиника ашуды қарастыруды сұрады. Бұдан бөлек, Литвада үздік пилоттарды үйретуге қауқарлы компаниялар бар екенін жеткізді.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеу, консервілеу, мал және құс еті өнімдерін дайындау бойынша ұсыныс білдіріп, нәтижесінде өнімдер 100% экспортталатынын айтты.

Айта кетейік, Қазақстан мен Литва арасындағы қатынастар тұрақты, үдемелі сипатқа ие және сындарлы, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. 2017 жылдан бастап Литва Қазақстанның Еуропалық Одақ елдеріндегі ең ірі сауда серіктестерінің ондығына және әлемдегі ең ірі отыз серіктеске кіреді. Литваның статистика департаментінің мәліметі бойынша, Қазақстан Литваның 15-ші ірі сауда серіктесі болып табылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1976 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3988
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Арман Сулейменов – IT-звезда Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить