Еліміз жасанды интеллект, автономды көлік және такси агрегаторлары үшін этикалық нормаларды әзірлеуге қатысып жатыр

ISO TK 241 «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» халықаралық стандарттау ұйымының халықаралық техникалық комитетінің жыл сайынғы отырысы алғаш рет Қазақстанда ҚР Көлік министрлігінің және Автомобиль жолдары комитетіне қарасты Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

17-ші отырыс елордасы Астана қаласында 11-14 желтоқсан аралығында өтеді. Оған халықаралық техникалық комитеттің төрағасы Вивека Одлен (Швеция стандарттау институты), Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті және «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «Қазстандарт», Дүниежүзілік Банк, ҚР ІІМ, Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты, Q88 аумақты тұрақты дамыту қауымдастығының және Sergek Group басшылығы мен өкілдері қатысып жатыр. Алдыңғы кездесулер Канадада, Швецияда, Қытайда, Жапонияда, Ұлыбританияда және Непалда өткен болатын.

Іс-шара көлік саласында 2 жаңа халықаралық стандарттарды әзірлеу және оларды күллі әлемде енгізу мәселелеріне арналған. Атап айтқанда, автономды көлік құралдарының этикалық хаттамасын (жасанды интеллект үшін) көздейтін 39003 стандарты және такси агрегаторлары үшін 39004 стандарты. Екі стандарт та жаңа зияткерлік және пилотсыз технологияларды дамыту жағдайында автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.

«Аталған стандарттардың ауқымы шағын болғанымен, адамдардың өмірі үшін маңызы зор. Мысалы, сандық платформа алаңдарын пайдаланатын кейбір такси жүргізушілерінің жұмыс уақыты тек таңертең аяқталады. Ал статистика мәліметтеріне сәйкес, таңертеңгі сағат 4 пен 5-те өліммен аяқталған жол-көлік апаттарының саны өте көп. 39004 стандарты компанияларға жүргізушілер үшін нормаланған кестені өздерінің инфожүйелеріне енгізуге мүмкіндік береді. Автономды көлік үшін де солай. Яғни, 39003 стандарты автокөліктің жасанды интеллект жүйесіне төтенше жағдайда этикалық шешімдерді енгізуді көздейді», - деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ стандарттау департаментінің директоры Нұржан Досаев.

Аталған халықаралық стандарттарды енгізу бойынша қорытындыны техникалық комитеттің жұмыс тобы 2024 жылдың соңына дейін шығарады.

*ИСО 241 «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» техникалық комитеті жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу үшін маңызды алаң болып табылады. Қазақстанды қоса алғанда, 56 елдің мамандары үнемі талдау жүргізеді және енгізілген стандарттар бойынша статистиканың корреляциясы шығарылады. Қазақстан 2021 жылы 241 комитетінің толыққанды мүшесі болды.

Бұған дейін осындай отырыстар Қазақстанда екі рет өткен. Мәселен, 2008 жылы ТК 90 «Табиғи газ», ал 2019 жылы ТК 40 «Темір жол көлігі» отырысы ұйымдастырылған.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ Q88 аумақты орнықты дамыту қауымдастығының қолдауымен Қазақстан стандарттау және метрология институты болды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3388 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Куралай Нуркадилова: письмо Токаева, политические амбиции

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить