Смайылов инвесторлар тарапынан жиі көтерілген мәселенің шешілгені туралы айтты

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар басшылары және дипломатиялық корпус пен жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Кеңесте негізінен салық саясаты саласында жүргізіліп жатқан реформалар, инвестициялық ынтымақтастық, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау және т. б. мәселелерге назар аударылды.

Әлихан Смайылов инвестициялар тарту – экономикалық өсудің негізгі факторларының және Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Атап айтқанда, елімізде жеке шарттарда келісімдер жасауға мүмкіндік беретін инвестициялық шарттардың жаңа тетіктері енгізілді. Бұдан бөлек, Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасқанда салық заңнамасының тұрақтылығына 10 жылға кепілдік беріледі және күрделі жобалар үшін Жетілдірілген модельдік келісімшартты жасасқанда фискалдық ынталандырулар енгізіледі.

«Резидент емес тұлғалардан алынған материалдық емес қызметтер үшін шегерім сомасын шектеуге қатысты инвесторлар жиі көтеретін мәселе шешілді. Енді бұл шектеу тек оффшорлық юрисдикциялардағы компаниялармен жүргізілген операцияларға қатысты болады», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы инвестициялық тартымдылықты арттырудың маңызды аспектілерінің бірі болжамды және ашық салық саясаты екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстанда фискалдық реттеуді жетілдіру үшін жаңа Салық кодексі әзірленді.

Қазіргі уақытта ол бизнес-қоғамдастық және халықаралық ұйымдар өкілдерімен әртүрлі алаңдарда қызу талқыланып жатыр. Жыл басынан бері 250-ден астам жұмыс кездесуі өткізіліп, мыңнан астам ұсыныс түскен. Барлық мәселе апта сайын тұрақты жұмыс тобының қарауына ұсынылады.

«Қолданыстағы ынталандыруларды сақтай отырып, жаңа Салық кодексі шеңберінде салық төлеушіге бағытталған сервистік әкімшілендіру моделі енгізіледі. Салық есептілігі 30%-ға, ал салық төлемдерінің саны 20%-ға қысқарады», — деді Әлихан Смайылов.

Ол бөлшек салық режимін қолдану бойынша қызмет түрлері екі есеге кеңейтіліп, 1 млн-нан астам салық төлеушіні қамтитынын айтты. Бұдан бөлек, өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салықтан босатылады.

Сондай-ақ қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде бір жыл ішінде 6 сатыға көтеріліп, 37-орынға табан тірегені атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы құзырлы мемлекеттік органдарға айтылған барлық ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2096 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
16 апреля родились
Дархан Кыдырали
министр информации и общественного развития
Ерсерик Сийрбаев
банковский омбудсмен
Forbes Video

Мовчан: Казахстан не может жить идеально, когда в мире проблемы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить