Қазақстан мен АҚШ: ғылым мен технологияны коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры ғылым және жаңа технологиялар саласындағы мемлекеттік ұйымдармен және ғылыми-технологиялық орталықтармен ынтымақтастықты кеңейтуде.

Қазақстандық делегация АҚШ-қа сапары аясында Ұлттық ғылым қорының, Джордж Вашингтон университетінің, Бостон университетінің, Джордж Мейсон университетінің, Миссури университетінің, Америка университетінің, Халықаралық білім жөніндегі Америкалық кеңестің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Қазақстандық сарапшылар АҚШ-тағы технологияларды коммерцияландыруды үкімет деңгейінде басқару жүйесін зерделеу үшін Ұлттық ғылым қорының мемлекеттік бағдарламалар менеджерлерімен кездесті. Сарапшылар университет деңгейіндегі коммерцияландыруды басқару жүйесімен танысу үшін Джордж Мейсон университеті ұйымдастырған воркшопқа қатысты.

Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер жүргізу инфрақұрылымын қаржыландыру жөніндегі «AcceleratingTranslation Research» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері мен шарттары талқыланды. Жергілікті ғылыми мекемелердің ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайту және инфрақұрылымын дамыту мақсатында бағдарламаны Қазақстанда бейімдеу үшін білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2249 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4321
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3032
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3781
Forbes Video

Как в Темиртау пустили Миттала, а не Абилова

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить