Республика бойынша 2 жылда 113 жаңа спорт нысаны салынады - ҚР ТСМ

Алматы облысында олимпиадалық дайындық базасының құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда бір уақытта 23 олимпиадалық спорт түрінен 2,3 мың спортшы қатысуына мүкіндік бар. Бұл нысан жыл бойы жұмыс істейтін болады Слның арқасында осында ұлттық құрамалар мен облыстық командаларға маңызды старттар алдында толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтып берді.

Елордада Ұлттық спорт университетінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оны 2025 жылы аяқтау жоспарда бар. Университеттің іске қосылуы кадрларды даярлаудың бастапқы кезеңнен бастап спорта жоғары жетістіктерге жеткенше дейінгі үздіксіз процеске оң ықпалын тигізеді.

«Республика бойынша екі жыл ішінде 113 жаңа спорт нысаны салынады, қолданыстағы 26 кешен қайта жаңартылады. Ол МЖӘ тетігі негіңзінде жүзеге асады. Еліміздің барлық спорттық инфрақұрылымына ауқымды түгендеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша әр өңірде жұмыс істеп тұрған объектілердің талап етілетін стандарттарға сәйкессіздігі анықталды», – деп атап өтті спикер.

Осылайша, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде спорттық инфрақұрылымда, атап айтқанда ауылдық елді мекендерде аса мұқтаж өңірлердің тізбесі айқындалмақ. Келер жылдан бастап модульдік үлгідегі тез салынатын, аз шығынды талап ететін 10 спорт нысаны салынбақ.

«Бүгінде елімізде жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен 7,6 млн адам айналысады, ол ел халқының 38,5%-ын құрайды. Бұл көрсеткішті 2029 жылы 50%-ға жеткіземіз. Салауатты өмір салтын насихаттау үшін республика бойынша жыл сайын 1,2 млн адамды қамти отырып, барлық жас санаттарына бағытталған 25 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс шаралар тұрақты негізде өткізіледі, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адам», – деп түйіндеді жауыпты ведомство басшысы.

Президенттің тапсырмасына сәйкес өскелең ұрпақтың спорттық әлеуетін дамытуға басымдық беріледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4453 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
16 апреля родились
Дархан Кыдырали
министр информации и общественного развития
Ерсерик Сийрбаев
банковский омбудсмен
Forbes Video

Стрит-арт культура в Казахстане. Есть ли будущее?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить