«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында 14 кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін Алматыда «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында жарық көрген 14 кітаптың тұсаукесері рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР мемлекеттік Кітап палатасы ұйымдастырды. Айтулы жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қуантай және қоғам қайраткерлері, белгілі қаламгерлер, мемлекеттік бағдарламамен жарыққа шыққан кітап авторлары мен кітапты шығарушы баспагерлер, кітапхана қызметкер қатысты.

«Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда кітап индустриясын дамытуға баса назар аударғаны белгілі. «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукесері Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырудағы үлкен қадамдардың бірі. Бұл сериямен бұрын жарық көрмеген, әдебиетке тың серпін берген және қазақ әдебиетінің жаңа келбетін қалыптастыруда айрықша орын алатын әдебиеттер басылып шығатыны баршаңызға мәлім. Жаңа қазақ әдебиеті өкілдерін қолдау министрліктің әрдайым назарында» – деді Арман Жүдебаев.

«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында өткен жылдан бері қолға алынған бірегей бастама. 2022 жылы осы бағдарламамен 10 автордың кітабы жарық көріп, әрқайсы 3 мың данамен еліміздің түпкір-түпкіріне жеткізілді. Биыл жарыққа шыққан 14 кітаптың барлығы да еліміздегі кітапханалардың қорын толықтырады.

Жиын барысында іс-шараға қатысушылар қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін талқылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1248 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
16 апреля родились
Дархан Кыдырали
министр информации и общественного развития
Ерсерик Сийрбаев
банковский омбудсмен
Forbes Video

Профессор Алмаз Шарман - об антиваксерах, БАДах, коллапсе медицины и замены врачей на роботов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить