Смайылов: Еуропалық компаниялар қатарының арта түсуі еліміздің инвестициялық тартымдылығының жақсарғанын білдіреді

Астанада ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 13-ші отырысы өтті. Іс-шара орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, дипломатиялық корпус пен бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.

Отырыста республиканың салық және кеден жүйелерін жетілдіру, фармацевтика өнеркәсібін, геологиялық барлау мен аграрлық индустрияны дамыту, бизнеске лицензия, несие беру және қолдау көрсету, экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу кезінде жүктемені азайту, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселе егжей-тегжейлі талқыланды.

Премьер-Министр өз сөзінде бүгінгі таңда Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Еуропалық инвестициялардың жалпы көлемі $175 млрд-тан асты. Атап айтқанда, 6 айда ЕО елдері ҚР экономикасына $5,2 млрд инвестиция салды.

«Қазақстанның сыртқы саудасында ЕО үлесі шамамен 30%-ды құрайды. 10 айда тауар айналымы $34 млрд-тан асты. Бұл көрсеткіштер сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға негізделген жүйелі бағытымызды айқындай түседі», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде ҚР экономикасының түрлі салаларында 3 мыңнан астам еуропалық компания табысты жұмыс істейді, олардың ішінде Shell, Eni, Air Liquide, Alstom және Claas сияқты ірі трансұлттық корпорациялар бар.

«Ағымдағы жыл инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуда өте жемісті болды. Ортақ пул жаңа ірі жобалармен толыға түсуде. Бұған Svevind компаниясының жасыл сутегі жобасын іске асыруы, Total компаниясымен қуаты 1 ГВт болатын жел паркін салу туралы келісім, Knauf компаниясының 4-ші гипсокартон зауытын ашу жоспары, сондай-ақ Scania компаниясының көлік құралдарының ірі құрамдас бөлшектерін құрастыру жұмыстарын іске қосуы жарқын мысал бола алады», — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстанда еуропалық компаниялар қатарының арта түсуі республиканың инвестициялық тартымдылығының жақсарғанын білдіреді.

Бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық ахуалды жақсарту Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

«Біз сапалы және ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз. Ол үшін ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес инвестицияларды қолдаудың нормативтік-құқықтық базасы мен құралдары тұрақты негізде жетілдіріліп отырады», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр Қазақстанда ESG стандарттарын ескере отырып, Инвестициялық саясаттың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғанын еске салды. Жобаларды сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін Ұлттық инфрақұрылымның 2029 жылға дейінгі жоспары әзірленуде. Жаңа Салық кодексі аясында әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілетін болады.

«Инвесторларға мемлекеттік қызметтерді алу және жобаларды сапалы жүргізу ыңғайлы болуы үшін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа әзірленуде», — деді Әлихан Смайылов.

Жалпы, Премьер-Министрдің айтуынша, ҚР Үкіметі қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты кезең-кезеңмен жалғастырады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2532 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить