Түркістан өңірінде экзотикалық жеміс-жидектер өсіретін жылыжайлар аумағы ұлғаяды

Агросала дамылсыз дамып жатқан Түркістан облысында банан өсіру ісі жандана түспек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Gen group Qazaqstan» компаниясының құрылтайшыларымен кездесіп, өңірдегі агросаланы дамыту бағыттарын талқылады.
Банан өсіруді мықтап қолға алған түрік компаниясы Сайрам ауданында 5,3 га жылыжай кешенін салып, банан отырғызған. Жылыжайда жылына 1000 тоннадан астам банан өндірілмек. Компания құрылтайшылары Тимур Утешов пен Абдулла Исмаилов кешен көлемін кемінде 2 есе арттыруды көздейтіндерін жеткізді. Елімізде баламасы жоқ жобаның жалпы құны 19,4 млрд. теңгеден асады.

Алдағы уақытта кәсіпкерлер Түркістан облысында манго, авокадо сынды экзотикалық жеміс түрлерін өндіруді жоспарлап отыр. Жылыжайда сондай-ақ құлпынай мен қызанақ өседі. Сонымен бірге қияр мен көкжидек өсірмек. Жылыжай құрылысы соңғы үлгідегі технологиямен салынып, жылу мөлшерін бақылайтын жүйемен жабдықталған.

Кездесуде Түркістан облысының әкімі өңірдің ауыл шаруашылығы саласында егістікті әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Жыл сайын бір ғана дақыл екпей, жоғары сұранысқа ие өнімдерді өсіру өңірде кеңінен қолға алынған. Сондықтан банан өсіруді қолға алғысы келетін диқандарға қолдау болады. Аталмыш компания банан өсірудің қыр-сырымен бөлісуге дайын.

Сонымен қатар кездесуде Түркістан қаласындағы азық-түлік белдеуін кеңейтіп, банан өсіруді қолға алу мәселесі талқыланды. Бұл мәселе жан-жақты зерттеледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3036 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Кто даёт деньги стартаперам?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить