Қазақстан өңірлері мен Омбы облысы: ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейі

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың Омбы облысына жұмыс сапары өтті.

Өңір губернаторы Виталий Доценкомен кездесу барысында ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша көптеген мәселелер талқыланды. Соңғы жылдары өзара іс-қимыл жаңа сапалы деңгейге көтерілгені атап өтілді. Мәселен, 2022 жылы Омбы облысы мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 488 миллион долларға жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық. Биылғы жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға өсіп, 298,7 миллион долларды құрады. Қазақстан өңірдің сыртқы сауда айналымының шамамен үштен бірін қамтамасыз етеді.

Тараптар екіжақты байланыстардың әлеуетін одан әрі дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, өнеркәсіптік кооперация Омбы компанияларының, оның ішінде, Омбы инновациялық технологиялар зауыты (өнеркәсіптік қазандық жабдықтарын шығару) және «Планет Центр» ЖШҚ (полимерлі пленка және иілгіш қаптама өндірісі) қатысуымен белсенді дамып келеді. Агроөнеркәсіптік кешен мен мұнай өңдеу салаларында ынтымақтастықтың кең перспективалары ашылуда. Елші осы салаларда байланыс орнату мақсатында Омбы ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Омскнефтехимпроект» қоғамдық акционерлік қоғамында болды.

Кездесу барысында В. Хоценко Омбы қаласының 2026 жылы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумын өткізу орны болуға дайын екенін мәлімдеді. Қала бұған дейін 2003 және 2019 жылдары іс-шаралар өткізген.

Омбы облысының қазақ диаспорасы маңызды байланыстырушы буын болып табылады. Оның саны шамамен 70 мың адамды құрайды. Д. Абаев отандастарымыздың ана тілін үйреніп, салт-дәстүрін сақтауға деген талпыныстарына қолдау көрсеткені үшін өз ризашылығын білдірді. Осы және басқа да мәселелер Елшінің өңірдегі қазақ қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесуінде қозғалды.

Омбы облысының ғылым және білім саласы айтарлықтай дамыған. Қазір жергілікті жоғары оқу орындарында 5 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Омбы мемлекеттік техникалық университетінде Д. Абаев қазақстандық студенттермен кездесіп, оларды оқытудың түрлі аспектілерін талқылады және қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сапар аясында Елші Шоқан Уәлихановтың ескерткіші мен Кемел Тоқаевтың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2964 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить