Қарағанды облысында жоғары сапалы әк шығарыла бастады

Қарағанды облысының Осакаров ауданында Сарыопан кен орнында жаңа зауыт іске қосылды. Мұнда заманауи технология бойынша бірінші сортты әк шығарыла бастады. Өнім металлургия және химия өнеркәсібінде, сондай-ақ құрылыс индустриясында сұранысқа ие.

Жобаны "Saryopan Operating" ЖШС осы саладағы әлемдік көшбасшы – Сarmeuse Group трансұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырды. Инвестициялар шамамен 30 млрд теңгені құрады.

200-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 330 мың тонна дайын өнім.

– Бұл жоба өңір экономикасының дамуына қосымша серпін беріп, тұрғындарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын ашады. Мұнда инновациялық технология қолданылады. Кәсіпорын ішкі нарықты отандық өндірістің сұранысқа ие өнімдерімен толықтырады, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Зауыттың ашылуына Carmeuse Group компаниясының президенті Рудольф Коллинет және ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев қатысты.

– Жоба тек облыс үшін ғана емес, жалпы республика үшін де өте маңызды. Зауыт елдің бірінші дәрежелі әкке деген қажеттілігін толығымен жабады. Ол түсті және қара металлургияда, шыны өнеркәсібінде, жылу электр станцияларының тазарту құрылыстарында қолданылады. Бұл жобаның іске қосылуы мультипликативті әсерге ие, бұл құрылыс индустриясын ғана емес, өнеркәсіптің басқа да салаларын дамытуға серпін береді, – деп атап өтті Азамат Панбаев.

Бұл жоба "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы және 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша қолдау алды.

 

Облыс әкімдігі зауытты қажетті инфрақұрылыммен, теміржол бағыттарымен қамтамасыз етеді.

Жоба экологияны да жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоғары сападағы әкті көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО түтін газдарын тазарту үшін пайдаланылады.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4327 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
16 апреля родились
Дархан Кыдырали
министр информации и общественного развития
Ерсерик Сийрбаев
банковский омбудсмен
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить