10 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

Пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 2022-2023 жылдар аралығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды.

ҚР Президентінің тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау мақсатында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың өкімімен арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының, министрліктер мен әкімдіктердің өкілдері кірді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 10 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ жайылымдық жер тапшылығы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерлерді тиісті елді мекендерге бекіту арқылы басым тәртіппен шаруалардың қажеттіліктері үшін берілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының қоғамдық-партиялық бақылауы маңызды факторға айналды. Атап айтқанда, аталған комиссия қайтарылатын жерлерді қайта бөлуді бақылаумен айналысты.

Жерді халық арасында одан әрі әділ бөлу мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2935 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2671
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
16 апреля родились
Дархан Кыдырали
министр информации и общественного развития
Ерсерик Сийрбаев
банковский омбудсмен
Forbes Video

Куралай Нуркадилова: письмо Токаева, политические амбиции

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить