Қазақстан Мажарстанның ағынды суды тазалау және пайдалану тәжірибесін зерттейді

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференция алаңында (COP28) Мажарстан су ынтымақтастығының (Hungarian water Partnership) тең төрағасы Роберт Форинтоспен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар нормативті тазаланған ағынды суды пайдалану тәжірибесін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бірінші вице-министр мен мажарлық ұйым 2024 жылы қазақ-мажар жұмыс тобының кездесуі аясында отандық су сарапшыларының Будапештке жұмыс сапары туралы келісті. Қазақстандық делегация Мажарстанның негізгі су тазалау нысандарын зерттейтін болады. Сондай-ақ, мажарлық мамандар Еуроодақтың нормативтік базасына сәйкес ағынды суларды тазарту мәселесі бойынша кеңес береді.

«Қазақстан экономиканың барлық салаларында айналымды суды пайдалануға көп көңіл бөледі. Су ресурстарын тиімді пайдалану – еліміздің су саясатының маңызды бағыттарының бірі. Еліміздегі жалпы су қорының жартысынан астамы ауыл шаруашылығына жұмсалады, сондықтан біздің министрлікке техникалық дақылдарды суару үшін ағынды суды қайта пайдалану жөнінде мұқият зерттелген нормативтік стандартты әзірлеу өте маңызды. Біз мажарлық серіктестерімізбен барлық бағытта ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз», – деді бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2722 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2671
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
16 апреля родились
Дархан Кыдырали
министр информации и общественного развития
Ерсерик Сийрбаев
банковский омбудсмен
Forbes Video

Ректоры крупнейших частных вузов Казахстана о проблемах образования

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить