Қазақстан мен Беларусь АӨК саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті

Бейнеконференция форматында 14 желтоқсанда Ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын әзірлеу жөніндегі Қазақстан-Беларусь бірлескен жұмыс тобының төртінші отырысы өтті. Қазақстан тарапынан тең төраға ретінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек, Беларусь тарапынан ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Иван Смильгинь сөз сөйледі.

Әбілхайыр Тамабек өз сөзінде АӨК саласындағы өзара іс-қимыл екі ел ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. 2023 жылдың 9 айында Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 173,9 млн долларды құрады, бірақ Беларусь тауарларының импорты қазақстандық тауарлардың экспортынан әлдеқайда асып түсті.

Сондықтан Қазақстан тарапы өз өнімдерін Беларусь нарығына тиімді жеткізуді жолға қоюға, сортты сынау және өсімдіктерді құқықтық қорғау саласындағы ынтымақтастыққа, аграрлық ғылым мен білім беру саласындағы бірлескен жұмысқа мүдделі.

Тараптар мал шаруашылығы саласында, атап айтқанда, сүтті мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Екі елдің өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында сүт өнімдерін өндіру кешендерін салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ Әбілқайыр Тамабек 2024 жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы көрмелерінің тізімін алмасуды ұсынды. Иван Смилгин өз тарапынан Қазақстанды Беларусь агроөнеркәсіптік апталығына шақырды, Апталық аясында «Белагро-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы және азық-түлік көрмесі өтеді. Сонымен қатар, екі ел ауыл шаруашылығы саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін қарастырды.

"Бүгін біз нәтижелі және мазмұнды диалог өткіздік. Жұмыс тобының кезекті отырысы біздің сіздермен АӨК саласындағы өзара іс-қимылымыздың тұрақты әрі нәтижелі екенін айқындап берді. Сіздермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін зор әлеует бар ден санаймын", - деді Әбілқайыр Тамабек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5465 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
16 апреля родились
Дархан Кыдырали
министр информации и общественного развития
Ерсерик Сийрбаев
банковский омбудсмен
Forbes Video

Андрей Звягинцев: откровенное интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить