Мемлекет басшысы YDA Industrial Park біріккен өндіріс кешенінің жұмысымен танысты

Көпсалалы өндіріс кешенінің құрамына медицина және кеңсе жиһаздарын, медициналық жабдықтар, модульді құрылыстар мен металл конструкцияларын, терезелер мен витраждар шығаратын бес кәсіпорын кіреді.

Аталған бес кәсіпорын өзара тығыз байланысты, сол арқылы ортақ жобаны жүзеге асыруға бірлесе атсалысады. Бұл – кешеннің өзіндік ерекшелігі Ал өндірілетін өнімдер импортты алмастырады. Тауарлардың құны да, сапасы да шетелдік баламаларынан кем түспейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның өндіріс цехтары мен өнім түрлері қойылған шоурумды аралап көрді.

Жоба инвесторы, түркиялық YDA Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хуссейн Арсланның айтуынша, біріккен өндіріс алаңы жеке инвестиция (30%) мен қарыз қаражаты (70%) есебінен 2021-2022 жылдары іске қосылған. Жалпы құны 22 миллиард теңге болатын жоба аясында 300 адам жұмыспен қамтылған.

Мемлекет басшысына YDA Group өнімдерімен толық жабдықталған және компанияның қаржысына салынған «Harmony Steam School» мектебі таныстырылды.

Балалар мұнда нақты ғылымдарға басымдық бере отырып, STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Math) технологиясы бойынша оқиды. Мектепті бітірген түлектер инженерлік мамандық алып шығады.

– STEAM – физика, математика сияқты техникалық пәндерге баса мән берілетін ерекше бағдарлама. Сапалы білімге қатысты барлық бастамаға оң көзбен қараймын. Біз сіздерді қолдаймыз,–деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы отандық өндірісті дамыту және ірі жобаларды іске асыру кезінде жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесін арттыру маңызды екенін атап өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5397 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
16 апреля родились
Дархан Кыдырали
министр информации и общественного развития
Ерсерик Сийрбаев
банковский омбудсмен
Forbes Video

Как заработать на козах

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить