Қазақстан мен Грузия мәдениетаралық және ұлтаралық қатынастарды дамытуда

Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі Сухуми мемлекеттік университетімен бірлесіп «Қазақстан мен Грузия: мәдениетаралық және ұлтаралық қарым-қатынастар» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Бұл іс-шара осы университетте жұмыс істеп тұрған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы атындағы аудиторияда өтті. Конференцияға Қазақстаннан келген өкілдерден басқа, Грузия, Әзербайжан және Польша ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин конференцияның ашылуында сөз сөйлеп, қатысушыларға екі ел мен халықтар арасындағы достық және рухани байланыстарды дамытудағы үлестері үшін алғысын білдірді.

Халықаралық ғылым өкілдері қазақ және грузин халықтары арасындағы тарихи байланыстардан бастап, қазіргі кездегі екіжақты қарым-қатынастардың маңызды бағыттары жөнінде баяндамалар жасады.

Қазақстан ғалымы, академик Саттар Мажитов пен Грузияның тарихи ғылым докторы Зураб Папаскири тарих қойнауын қозғап, қыпшақтардың екі халықтың бауырластығындағы ролдері туралы айтса, қазақстандық саясаткер Данияр Ашимбаев пен грузиндік профессор Гурам Мархулия қазіргі геосаяси және геоэкономикалық жағдайда елдеріміздің жаңа әлеуеттері жөнінде баяндады. Өз кезегінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Омар Ардашелия Транскаспий халықаралық көлік бағыты төңрегіндегі геостратегиялық ынтымақтастық мәселелерін көтерді.

Қазақстананнан арнайы келген қонақ «Иверия» этномəдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе еліміздегі грузин диаспорасының өмірі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлтаралық келісімдегі рөлі туралы аудиторияға әңгімелеп берді.

Сонымен қатар, конференция барысында медицина және білім салаларындағы тақырыптарға да баяндамалар жасалды. XVIII ғасырда өмір сүрген грузин саяхатшысы және дипломат Рафаил Данибегашвилидің қазақтар туралы жазбасына арналған СМУ доктаранты Давид Махатадзе жасаған баяндама ерекше қызығушылық тудырды.

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың пікірінше, бұл шара қазақ халқы мен грузин халқының арасындағы «жібек жіптей» берік ұлтаралық байланыстарды зерттеп қана қоймай, сонымен қатар болашақтағы әлеуетті бағыттарды айқындауға өз үлесін қосатындығы сөзсіз.

Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен қазақтардың тарихы туралы кітап сыйға берілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3981 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2671
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
16 апреля родились
Дархан Кыдырали
министр информации и общественного развития
Ерсерик Сийрбаев
банковский омбудсмен
Forbes Video

Начинали с базара: как Александр Дериглазов с братом построили империю «Меломан»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить