Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады

Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы сауда-экономика саласы екіжақты байланыстардың басты бағыты саналатынын айтты. Бұл ретте екі елдің үкіметтеріне таяу келешекте сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға дейін жеткізу міндеті жүктелгенін еске салды.

Сонымен қатар президент Стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен мәлімдемеге сәйкес энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктердің Masdar компаниясымен жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ AD Ports Group және Terminals Holding компанияларымен бірлесіп көлік-логистика желісі мен әуе тасымалы қызметтерін кеңейтуді көздейтін инвестициялық жобалардың жүзеге асырыла бастағанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында ақпараттық технологияларды дамыту бағытындағы ықпалдастық мәселесіне айрықша мән берілді.

Кездесу соңында президент Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық пен ынтымақтасты нығайтуға зор еңбек сіңіргені үшін Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2561 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3987
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2671
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
16 апреля родились
Дархан Кыдырали
министр информации и общественного развития
Ерсерик Сийрбаев
банковский омбудсмен
Forbes Video

Раимбек Баталов – о молоке, кредитах и прозрачности

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить