Еркінбаев: Шымкентте тау шаңғысы курортын салу қажет

Шымкент қаласы әкімдігінің шақыруымен Creative Shustry of Shymkent 2023 форумына қатысқан Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев туристік бизнес және креативті индустрия өкілдерінің басын қосқан жиында министрліктің негізгі міндеттерін айтып, атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Іс-шарадан кейін ол қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

Creative industry of Shymkent форум-көрмесіне 500 адам қатысып, 30-ға жуық спикер креативті индустрия саласында жаңа идеяларды енгізу, жобаларды іске асыру үшін инвесторлар мен демеушілерді тарту бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар көрме аясында 20 жоба ұсынылып, бірқатар меморандум мен жол картасына қол қойылды.

Жиында Ержан Еркінбаев Шымкент қаласы табиғи көрікті жерлерімен, тарихи-мәдени нысандарымен және қаланың дәмді гастрономиясымен үлкен туристік әлеуетке ие екенін атап өтті. Ең бастысы, өңір ҚР Үкіметінің туризм саласына инвестиция тарту бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі алға қойған міндеттерінің алдында қандай табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды.

Сонымен қатар өңірдің мүмкіндіктерін ескере отырып, Ержан Еркінбаев аймақтағы туризмнің дамуына оң серпін беретін тау шаңғысы кешенін салу қажеттігі туралы айтты.

«Уақыт өте келе Қасқасу аумағы тау шаңғысы туризмінің ордасына айналады деп үміттенеміз. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде», - деп атап өтті ҚР ТСМ министрінің орынбасары.

Сондай-ақ Ержан Еркінбаев өңірдегі және жалпы елдегі креативті индустрияларды дамыту бойынша пікірлерін ортаға салды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3750 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3986
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2670
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
Forbes Video

Бексултан Казыбек: Aminokka в Disney, BIP House в США, сумасшедшая фанатка и встреча с министром

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить