Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке тағы 55,4 млрд теңге қайтарды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлының елден заңсыз шығарған ақшалай қаражаттарын қайтарды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдауда.

Тек биылғы желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қ. Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларына, яғни 55,4 млрд астам теңгеге тең ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.

Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілді», - делінген Антикордың баспасөз хабарламасында.

Мәлім етілгендей, осылайша кейінгі 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілген. Олардың қатарында әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, зәулім үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол тораптары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар бар.

Еске салсақ, былтыр Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шығып, ол 6 жылға сотталды.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3667 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3986
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2670
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
Forbes Video

Как управлять 280 аптеками, развивать супермаркеты, строить новые рестораны и открывать гостиницы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить