Қазақстанда 13,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 870 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 374 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 742 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 124 және 637 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 183 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 810 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 690 жұмыс беруші бар. Оларда 464 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 3 460 адам (24,9%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 649 адам (11,8%), өңдеу өнеркәсібі – 1 300 адам (9,3%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 266 адам (9,1%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 782 адам (5,6%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 131 адам (29,7%), Үндістан – 1 281 адам (9,2%), Түркия – 1 249 адам (9%), Өзбекстан – 969 адам (6,9%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3446 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3989
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2674
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3390
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Казахстанский фастфуд идёт в Россию

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить