Қазақстан мен Мажарстан креативті индустрия саласында ынтымақтасатын болады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы, әсіресе, түркі мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы туралы кеңінен сөз болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Аида Балаева министрлік ақпарат, дін саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекет пен азаматтық қоғам іс-қимылының тиімді моделін құру, жастар, отбасылық және гендерлік саясат, этносаралық келісім, мәдениет пен архив ісі мәселелерін іске асыру жөніндегі негізгі орган екенін айтты.

«Екі елдің арасындағы мәдениет, ақпарат және жастар саясаты салаларында өзара белсенді іс-қимыл жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасындағы ерекше назар аударатын тағы бір сала – креативті индустрия. Осы орайда, сіздермен аталған бағытта да тығыз байланыс орнатқымыз келеді», – деді министр.

Өз кезегінде Отто Иван Рона Мажарстанның Еуропалық Одақ Кеңесіне төрағалық етуі аясында бірқатар ауқымды мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетуді сұрады. Екі елдің мәдени қарым-қатынасы мен достығын насихаттап, тәжірибе алмасу мақсатында Мажарстан Опера театрының гастрольдік сапарларын ұйымдастыру, Қазақстанда кино апталығын өткізу және қазақ-венгр фильмдерін көрсету жоспарланған.

Кездесу барысында тараптар бірлескен іс-қимылдардың келешегі туралы пікір бөлісті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3365 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3990
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2676
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3392
19 апреля родились
Жания Аубакирова
пианистка, директор Авторской школы Жании Аубакировой
Forbes Video

Мовчан: Казахстан не может жить идеально, когда в мире проблемы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить