Үкіметте ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

Үкіметте ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің (Инвестициялық штаб) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қатысушылар азаматтардың Қазақстанның жер қоры туралы ақпаратқа толық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» (ЖМБМК) жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады. Жүйе аясында жер учаскелерін берудің барлық процесі электрондық форматқа ауыстырылды. Бүгінгі таңда ЖМБМК арқылы 1 млн-нан астам қызмет көрсетілді, 238 мың кадастрлық паспорт берілді.

Жүйенің елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Осыған байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдарға ЖМБМК-ны қажетті ақпаратпен сапалы түрде уақытылы толтырып отыру тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігі монополистер тарапынан ЖМБМК-ге дұрыс әрі сенімді мәліметтер беру процесін бақылауға алуы керек.

Сонымен қатар отырыста арнайы экономикалық аймақтарды дамыту мәселелері талқыланды. Роман Склярдың айтуынша, олардың әлеуеті әлі толық ашылмаған. Атап айтқанда, жаңа жобаларды тарту үшін қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша жұмысты жандандыру керек. Мемлекеттік органдарға нақты шешімдер дайындау тапсырылды.

Оған қоса Инвестициялық штаб отырысында екі ірі инвестициялық жобаны іске асыру барысы қаралды.

Шығыс Қазақстан облысында «Қызылқайын» кен орнына жақын жерде жылына 25 млн тонна өнім шығаратын байыту комбинаты салынатын болады. Алдын ала бағалау бойынша жобаның құны 216 млрд теңгеден аспақ. 4 500-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде облыстың экономикалық әлеуетін дамытуға мультипликативті әсер береді.

Түркістан облысындағы Өгем өзенінде су электр станциясының құбырын салу жөніндегі инвестициялық жоба ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандарының тізбесіне енгізілген. Жобаның қуаты – жылына 110 млн м3 ауызсу және 72 МВт/сағ. электр энергиясы. Оны іске асыру өңірде энергия өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ 1 млн-нан астам тұрғынды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға осы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелерді қысқа мерзімде шешу тапсырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4395 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3990
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2676
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3391
19 апреля родились
Жания Аубакирова
пианистка, директор Авторской школы Жании Аубакировой
Forbes Video

Что будет с банком Bereke?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить