Қазақстанда Migration.enbek.kz порталы іске қосылды

Қазақстанда Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы (бұдан әрі – Migration порталы) іске қосылды, ол келетін шетелдік азаматтар туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді, сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингтеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа.

Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар, мысалы: «Қандас» мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, «Ата жолы» картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және т. б.

Портал және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қосымша ақпаратты migration.enbek.kz сайтынан алуға болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2101 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3986
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2668
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
Forbes Video

Джохар Утебеков: Новый старый Казахстан

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить