Алматы әкімі мегаполис экономикасын дамытудағы басымдықтар туралы айтты

Шағын және орта бизнесті қолдау Алматы қаласы әкімдігінің жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Ол мегаполис экономикасында және алматылықтарды жұмыспен қамтуда ерекше рөл атқарады. ШОБ-тің қала экономикасындағы үлесін 60%-ға дейін ұлғайту күтіліп отыр. Осындай мәліметтермен Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде мегаполис басшысы Ерболат Досаев бөлісті.
Оның айтуынша, субсидиялауға, кепілдік беруге және несиелеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден 51,1 млрд теңге бөлінген. Бұл 1,7 мың ШОБ жобасын қолдауға мүмкіндік берді.

«Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында 10,2 млрд теңге инвестиция сомасына ауданы 88 мың шаршы метрге тең 18 шағын өнеркәсіп паркінің құрылысы белсенді жүргізілуде, бұл 2 мың жоғары білікті жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», – деді мегаполис басшысы.

Ол сондай-ақ Алматы экономикасын одан әрі әртараптандыру үшін туризмді дамыту үлкен рөл атқаратынын айтты. 2023 - жылдың 9 айында туристер саны 17,4% - ға өсіп, 1,5 млн адамнан асты. Оның ішінде шетелдік туристер үлесі 1,5 есеге ұлғайды. Жыл соңына дейін туристердің саны 2 млн адамға дейін артады деп күтілуде.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Алматы агломерациясы шеңберінде туристік әлеуетті іске асыру үшін Түргеннен Қаскелеңге дейінгі тау кластерін дамытудың негізгі тәсілдері айқындалды. Мастер жоспарды келесі аптада таныстырамыз», – деді әкім.

Туристік қызығушылықтың 6 орны мен тарту нүктесін қосу көзделеді. Бұл Қаскелең және Түрген шатқалдары, Үлкен Алматы көлі, Медеу-Шымбұлақ, Талғар-Есік, Ақ бұлақ.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2185 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3988
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Данияр Алшинов: путь в мировое кино

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить