Төлем инфрақұрылымы: кәсіпкерлер мен банктердегі POS-терминалдар саны 30%-ға өсті

Қазақстанның төлем карточкаларының нарығы өсу динамикасын көрсетіп отыр. 2023 жылғы 10 айда Қазақстан банктерінің төлем карточкаларын ұстаушылар 132,8 трлн теңгеге 9,5 млрд операция жүргізді. Оның ішінде қолма-қол ақшасыз тәсілмен 114,1 трлн теңгеге 9,3 млрд операция жасалды, деп хабарлайды ҚРҰБ баспасөз қызметі. 

Халықтың қолма-қол ақшасыз операциялар жасауының ең жоғары сұранысқа ие тәсілі – интернет және мобильді банкинг. 2023 жылғы 10 айда қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы құрылымындағы онлайн операциялардың үлесі саны бойынша 77,0% және көлемі бойынша 88,1% болды. Қазақстандықтар күн сайын цифрлық банкинг арқылы 330,7 млрд теңгеден астам сомаға 23,5 миллионнан астам операция жүргізеді.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша пайдаланылған төлем карточкаларының жалпы саны 37,8 млн бірлікті құрады. 2023 жылғы 10 айда әрбір белсенді төлем карточкасын пайдалана отырып, орташа есеппен 3,2 млн теңгеге 260-тан астам қолма-қол ақшасыз операциялар жүргізілді.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған инфрақұрылым айтарлықтай кеңейді. Төлем карточкаларын төлеуге қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 762,7 мың кәсіпорынға дейін өсті.

Ағымдағы жылғы 10 айда әрбір кәсіпкер арқылы 55,8 млн теңгеге тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін орта есеппен 5,2 мың төлем жүргізілді. Қазақстандағы әрбір оныншы кәсіпкер төлемді интернет-эквайринг арқылы қабылдайды.

Кәсіпкерлер мен банктердегі POS-терминалдардың саны 983,4 мың бірлікті құрады. 31,3%-ға өсу байқалып отыр. 2023 жылғы 10 айда әрбір POS-терминал арқылы 15,0 млн теңгеге орта есеппен 2,2 мың операция жүргізілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4499 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3983
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2667
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3387
Forbes Video

Казахстанский фастфуд идёт в Россию

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить