2023 жылғы 9 айда төлем ұйымдарының сервистері арқылы жүргізілген операциялар көлемі 6 трлн теңгені құрады

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында 124 төлем ұйымы тіркелген (өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға өскен).

Төлем ұйымдары операцияларының көлемі қарқынды өсу динамикасын көрсетуде. 2023 жылғы 9 айда төлем ұйымдарының сервистері арқылы жүргізілген ақша айналымы 6 трлн теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,6%-ға артық.

Жекелеген төлем ұйымдарының төлем қызметтері бойынша айналымдардың шоғырлануы байқалып отыр. Мәселен, төлем ұйымдарының төлем нарығында жұмыс істейтін төлем ұйымдарының айтарлықтай үлесі (айналымның 80%-дан астамы) 15 төлем ұйымына тиесілі.

Көрсетілетін қызмет түрлері бөлінісінде қаржы қызметтеріне, көлік және жолаушылар тасымалына, цифрлық тауарларға, сондай-ақ байланыс және кабельдік телевидение қызметтеріне ақы төлеуге байланысты операциялар саны мен көлемінің өсуі байқалады.

2023 жылы Ұлттық Банктің бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру аясында:

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен 10 төлем ұйымы алып тасталды (дәйексіз мәліметтер ұсыну, заңнама талаптарын жүйелі түрде бұзу, төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырмау және т.б.);

- төлем ұйымдарына қатысты 4 барып тексеру, сондай-ақ 25 құжаттамалық тексеру жүргізілді;

- төлем ұйымдарына қатысты 135 шектеулі ықпал ету шаралары қабылданды (есепті нысандарды уақтылы ұсынбау, дұрыс емес есепті мәліметтерді ұсыну, қызметтердің (өнімдердің) тәуекелдерге ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалауды жүзеге асырмау және т.б.). Қабылданған шаралар бойынша ақпарат Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында қолжетімді;

- 8 төлем ұйымына есептілікті ұсыну бөлігінде заңнама талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жалпы сомасы 22 483 мың теңгеге айыппұл салынды.

Төлем ұйымдарының аумақтық шоғырлануы: төлем ұйымдары санының 88,7%-ы (110 бірлік) Алматы қаласына, бұдан әрі - 8,1%-ы (10 бірлік) Астана қаласына, 2,4%-ы (3 бірлік) – Қарағанды қаласына, сондай-ақ 0,8%-ы (1) – Рудный қаласына тиесілі. Сонымен қатар, инновациялық технологиялар мен қашықтан қызмет көрсету дамыған сайын өңірлерден клиенттердің қажеттіліктері онлайн түрде қанағаттандырылуда. Сонымен қоса, төлем ұйымдары төлем агенттері мен қосалқы агенттердің кең тараған желілерін пайдаланып отыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5523 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3984
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2667
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
Forbes Video

Сможет ли война в Украине спровоцировать казахстанцев на новые массовые протесты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить