Астанада жуырда желілік мұз айдыны ашылады

Елордалық саябақта қыс мезгілі ресми түрде ашылды. Ашылу құрметіне сахнада эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, ал іс-шара қонақтарының арасында сертификаттар мен сыйлықтар ойналды. Жуырда аталмыш саябақта желілік мұз айдыны ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қысқы демалыс орнында естелікті фотосуреттер үшін әртүрлі фотоаймақтар орнатылған. Гирляндтармен безендірілген шыршалар мен қарағайлар саябақта ерекше мерекелік атмосфера орнатып тұр. Сонымен қатар, саябақ қонақтарына арнап түрлі тамақтану орындары мен тегін мұз сырғанақтары ашылды.

Сондай-ақ, сынап бағаналары төмен температураға түскеннен кейін саябақта мұз айдынының соңғы қабаты құйылады. Бұл – елордадағы алғашқы және ең ұзын желілік мұз айдыны. Оның ұзындығы – бір бағытта 290 метр, ал жалпы сырғанау жолының ұзындығы 580 метр болмақ. Өз конькилері бар келушілер үшін мұз айдынына шығу тегін болады.

Саябаққа кіру Тұран даңғылынан (сағат ескерткішінің жанында) қарастырылған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4872 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3984
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2667
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
Forbes Video

Как в Темиртау пустили Миттала, а не Абилова

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить