Елорда тұрғыны заңсыз крипто айырбастауды ұйымдастырған

Елорда тұрғыны Telegram мессенджерінде цифрлық активтерді заңсыз ақшалай сыйақыға айырбастау қызметін ұйымдастырған.

Аса ірі көлемдегі цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты қылмыстық істі ҚМА астаналық департаменті аяқтады.

Аталған азаматтың Қазақстан аумағында кепілдендірілген цифрлық активтерді сату/сатып алу туралы мессенджер арқылы хабарландыру жіберіп, крипто айырбастау қызметін ұсынғаны анықталды.

Осы әрекеттерімен ол жеке тұлғаларға, оның ішінде резидент еместерге Қазақстандағы кез келген қамтамасыз етілген еркін айырбасталатын валютаға қамтамасыз етілмеген электрондық цифрлық активтерді сатып алу мүмкіндігін ұсынды.

Ағымдағы жылдың ақпан-шілде айлары аралығында айырбастау пункт қызметін атқара отырып, ол 342 млн теңгеден астам сомаға USDT криптовалютасын қолма-қол ақшаға сатқан.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі аясында жария етілуге ​​жатпайды.

Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеміз.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4552 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3983
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2667
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
Forbes Video

Рамиль Мухоряпов: как пережить отмену

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить