Леонардо Ди Каприо Қазақстан Үкіметін құттықтады

Танымал америкалық актер, Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо киік популяциясының қалпына келуіне байланысты Қазақстан Үкіметіне үндеу жасады.

- Ақбөкен Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізімінде жойылып кету қаупі төнген санатқа қайта жіктелді. Бұрын-соңды болмаған бұл қалпына келтіру — Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталғанын көрсетеді. 2005 жылы небәрі 48 000 болған түр қазір жабайы табиғатта 1,9 миллионнан асады,- деп атап өтті Леонардо Ди Каприо.

Осыған байланысты Голливуд жұлдызы Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді.

«Браконьерлікпен күрес жөніндегі бастамаларға, құқық қорғау жүйесіне және қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймын. Сіздер табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтаса отырып, бірлескен күш-жігер арқылы табиғатты қорғау саласында шынайы табысқа қол жеткізудің жарқын мысалы бола алдыңыздар», - деп жазды актер.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4473 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3983
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2667
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3387
Forbes Video

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить