Қазақстандықтардың отшашуға деген сұранысы ағымдағы жылы өсті

 Қазіргі таңда мерекені отшашусыз елестету қиын.

Мандарин, шырша мен «оливье» салатымен қатар отшашу Жаңа жылдың тағы бір ажырамас атрибуттары болып табылады, ол керемет мерекелік атмосфера сыйлайды.

Бүгінгі таңда әркім өзін және жақындарын Жаңа жылда, туған күніне немесе басқа да керемет мерекеде жарқын, түрлі-түсті отшашулармен қуанта алады. Дегенмен, қауіпсіздік техникасы туралы ұмытпаған жон.

Ежелден отшашуларды пайдалану сұранысқа ие болған.

Отшашулар – жану арқылы жасалатын түрлі түстегі және пішіндегі сәндік оттар. Олар XII ғасырда Қытайда ойлап табылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізге тұрмыстық пиротехникалық заттардың импорты бойынша қызықты статистикамен бөлісті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында елімізге жалпы салмағы 231,1 тонна құны 663,9 мың АҚШ долларын құрайтын отшашулар импортталған (петардалар, фонтандар, отшашу батареялары, бенгаль оттары, түрлі-түсті түтіндер, жер үсті отшашулары және басқа да тұрмыстық пиротехникалық заттар), негізгі импорттаушы - Қытай.

Германиядан, Ұлыбританиядан және АҚШ-тан жалпы салмағы
0,1 тонна, құны 17,6 мың АҚШ долларын құрайтын отшашуды аз мөлшерде әкелген.

2022 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы елге құны
215,0 мың АҚШ долларына, 71,8 тоннаға көп пиротехникалық заттар импортталған.

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға жалпы салмағы 159,4 тонна, құны 448,9 мың АҚШ доллары болатын отшашулар жеткізілді.

2022 жылы, сондай-ақ 2023 жылы негізгі жеткізуші Қытай, аз мөлшерде Германиядан, Грузиядан, Кипрден, Норвегиядан, АҚШ-тан, Черногориядан және Чехиядан импортталған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3643 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3983
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2667
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3387
Forbes Video

Главы крупнейших частных школ Казахстана о том, растет ли качество среднего образования в стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить