2030 жылға дейін қоғамдық көліктердегі сапар санын 64%-ға арттыру жоспарланып отыр

Алматыда мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаланың 2030 жылға дейінгі көлік қаңқасының шебер-жоспары әзірленді. Қалалық мәслихат депутаттары мен сарапшылар қауымдастығы алдында шебер-жоспардың тұсаукесері барысында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин бүгінгі таңда «адамдар үшін қала» қағидатын іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік беретін үйлесімді жол-көлік кешенін салу маңызды екенін атап өтті.

Шебер-жоспардың мақсаты – Алматының қалалық мобилділігін арттыру және 2030 жылға дейін қоғамдық көліктердегі сапар санын 64%-ға арттыру. Бұл көрсеткіштің өсуінің негізгі драйвері халықтың жеке көліктен қоғамдық көлікке ауысу болуға тиіс.
Алматының қалалық мобилділік саласындағы сын-қатерлердің ішінде сарапшылар жеке автокөліктің жоғары үлесін, сонымен қатар, қоғамдық көліктің тартымдылығын қамтамасыз ету үшін көше-жол желісін ұзарту және түзету қажеттігін атап өтті.

«Жүйелі шаралар қабылдау үшін биыл мамырда біз Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспарын бекіттік, ол кеңістіктік, атап айтқанда, көлік дамуының негізін қалады. Бас жоспарда Алматының қалалық мобилділігін жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар, оның ішінде қаланың көлік қаңқасын әзірлеу көзделген», - деді Асқар Әмрин.

Айта кету керек, көлік қаңқасын енгізу 2024 жылы бөлінген көлік желісін құрудан және Райымбек даңғылын абаттандырудан басталады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3708 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3984
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2667
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить