Ұлттық музейде ауған қазақтарының кілем көрмесі ашылды

 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде «Уақыт құшағында» атты ауған қазақтарының кілем көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Көрермен назарына кілем өндірісінде алдыңғы қатарлы қолөнер бұйымдарын дайындайтын «Nasim Nayman Qazaq Karpet» компаниясының кілемдері ұсынылған. Компания басшысы – Нәсим Найман кішкентайынан кілем тоқу ісімен айналысып, Ауғанстанда кілемді қолмен тоқу өнеркәсібінің дамуына септігін тигізді.

«Халқымыздың қолөнерін дамытуға бағытталған шаралар үшін Ұлттық музейдің есігі әрқашанда ашық екенін айтып өткім келеді. Оның бір мысалы ретінде биылғы жылы Ұлттық музейде ашылған «Қолөнершілер орталығын» атап өтуге болады. Бүгінгі орын алып отырған көрме де осының дәлелі. Бұл көрменің ерекшелігі – сонау Ауғанстан жеріндегі өзіміздің бауырларымыз тоқыған кілемдердің халық назарына ұсынылуы. Олар осы өнерді керемет дамытып қана қоймай, оны әлемдік деңгейде насихаттап жүргеніне көз жеткіздік», - деді ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы Саялбек Ғизатов.

Көрмеге 2023 жылы тоқылған және түрлі композициялық сюжеттерді ұсынатын 60-қа жуық кілем қойылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1926 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3984
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2667
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
Forbes Video

Берик Каниев: Мы не можем всю жизнь быть сырьевой страной

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить