Қазақстандық әуе компаниялары жаңа рекорд орнатты

Авиация саласында әуе көлігін пайдалану мәдениеті белсенді түрде қалыптасып келеді. Әуе тасымалдар халық арасында көліктің неғұрлым танымал түріне айналуда, жолаушылар тасымалының 23%-ға ұлғаюы мұның бірден бір дәлелі, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Биыл қазақстандық авиакомпаниялар рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, тасымалданған жолаушылар саны 13 млн-ға жетті.

Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелерінің паркі 89-дан 99 бірлікке дейін, ал кресло-орындардың сыйымдылығы 12-ден 15 мыңға дейін ұлғайтылды. Қабылданған шаралар әуе тасымалдардың қолжетімділігін жақсартуға және рейстердің жүйелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жеке инвестициялар есебінен Шымкент, Қызылорда және Алматы қалаларында 3 жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандар келесі жылдың наурыз, мамыр және маусым айларында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Барлық өңірді қолжетімді авиатасымалдармен қамту мақсатында 23 ішкі әлеуметтік маңызы бар және туристік бағыт субсидияланды.

Жыл соңына дейін қазақстандық әуежайлар 25 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға артық.

Ішкі тасымалдау көлемі толығымен қалпына келтірілді және аптасына 50 бағыт бойынша 640 рейсті құрайды.

28 елмен халықаралық әуе қатынасы жолға қойылған. Биыл 23 бағыт бойынша 13 елге жаңа рейстер жаңартылып, ашылды.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2205 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4321
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3032
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3781
29 сентября родились
Нурбол Нурсагатов
аким Семея
Гульмира Убегалиева
председатель правления КСЖ «Евразия»
председатель совета директоров «АК Алтыналмас», участник рейтинга богатейших бизнесменов Казахстана Forbes Kazakhstan
Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить