Қытайлық компания Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға инвестиция салуға дайын

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов және «Түркістан инвест» мекемесінің басқарма төрағасы Берік Кенжебаев Тәжікстан Республикасына іссапармен барды.

Іссапардың мақсаты – Қытай Халық Республикасының «Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd» компаниясының Тәжікстандағы кәсіпорындарын аралап көру, мақта өңдеу зауыты және тамшылатып суғару технологиясымен танысу.

Қытайлық инвесторлар Тәжікстан елінде жалпы құны 400 млн. доллар инвестиция салған. Бүгінде 8 компания жұмысын жүргізіп, 7800 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Көрші елде мақта өңдеудің өзіндік технологиясы бар екен. Онда 15 гектар жерге мақта өсіріп, өнімін нарықа шығаруда. Жалпы 1 гектар жерден 6-8 тонна мақта алудың жаңа әдістерін қолдануда.

Келесі жылдан бастап қытайлық жеке инвестордың қаржыландыруымен Түркістан облысында мақта өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы өткен аптада Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен ҚХР-дың «Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd» компаниясының бас директоры Чжан Цихай кездесуі барысында айтылған болатын.

Нәтижесінде «Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd» компаниясы Түркістан облысында мақта өңдеу зауытын ашуға инвестиция салатын болды. 2024 жылдың қаңтар айында Түркістан облысында қытайлық компанияның бас директоры Чжан Цихай келіп, жұмыс жоспары мен келісімшарт жасалады деп жоспарлануда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4024 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3984
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2667
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3388
Forbes Video

Маргулан Сейсембаев про собственный бизнес, стратегию инвестирования и институте репутации

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить