2023 жылдың 9 айында еліміздегі қонақ үйлер туристерге 175,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті

2023 жылдың 9 айында еліміздегі қонақ үйлер туристерге 175,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 129,2 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Ал пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда аталған көрсеткіш шамамен 2 есе өсті.

Қазіргі таңда еліміз бойынша барлығы 4 мыңнан аса туристік орналастыру орны бар. Олардың қатарына қонақ үйлер, мотельдер, пансионаттар, балалар лагерлері, кемпингтер, жатақханалар, демалыс үйлері және басқа да орындар кіреді.

«Комитет елімізге келетін қонақтарға қолайлы жағдай жасау, орналастыру орындарының ассортиментін кеңейту және туристік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырады. Қолға алынып жатқан нақты істер келушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, туризм саласындағы экономикалық өсуді қолдауға да бағытталған. Сонымен қатар олар Қазақстан беделін түрлі және сапалы орналасу нұсқалары бар туристік бағыт ретінде нығайтуға септігін тигізеді», - деп атап өтті ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Нұртас Кәріпбаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4983 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Кто зарабатывает на инфлюенсерах в Казахстане?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить