Келесі жылдан бастап дәрі-дәрмек пен зергерлік әшекейлер таңбалана бастайды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте дәрілік заттар мен зергерлік бұйымдарды таңбалауды енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңеске, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдері де қатысты.

Бүгінгі таңда республикада темекі өнімдері мен аяқ киім таңбалауға жатады.

Бұл шара тауарларды бақылап отыруға, заңсыз өнімді анықтауға, көлеңкелі айналымды азайтуға және бюджетке түсетін салықты арттыруға мүмкіндік берді.

Жалпы таңбалау адал кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғауға бағытталған.

Дәрілік заттарды таңбалау 2024 жылғы 1 шілдеге жоспарланып отыр.

Сондай-ақ зергерлік бұйымдарды таңбалауды 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізу жоспарланып отыр.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр белгіленген тәртіппен таңбаланбаған тауарларды сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді, сондай-ақ пилоттық режимде таңбалауды жүргізу үшін тауарларды іріктеу тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Жалпы осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Атап айтқанда, 2024 жылы мотор майлары, сыра және сыра сусындары бойынша пилоттық жобаларды жүргізу жоспарланған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5075 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить