«Әскери құрылыс Астана» қызметкерлеріне төленбеген жалақы қарызы екі жылда 270 млн теңгеге жеткен

Жұмыс берушінің кінәсінен 2021 жылдан бері «Әскери құрылыс Астана» ЖШС 3839 қызметкеріне 270 млн теңгеден астам жалақы берешегі төленбеген, деп хабарлайды  Бас әскери прокуратура.

Ұзақ уақыт бойы жұмысшылар өздеріне тиесілі ақшаны алу үшін меморгандардың табалдырығын тоздыруға мәжбүр болды, бірақ мәселе шешімін таппады.

Оны шешуге атсалысқан Бас әскери прокуратура 4 уәкілетті органның (Қорғаныс және әділет министрлігі, еңбек инспекциясы, қазынашылық) өкілдерінен жұмыс тобын құрды.

Прокурорлық қадағалау актілері жасалып, қарызды өтеуге қаражат көзі анықталды.

Мысалы, басқа жеткізушілермен жасалған келісімшарттар бойынша «Әскері құрылыс Астана» ЖШС 300 миллион теңгеден астам сомасын тәркілеуге мүмкіндік туды.

Бұл оларды сақтауға және бірінші кезектегі борышкерлер алдындағы қарызды өтеуге қайта бағыттауға мүмкіндік берді.

Осылайша 3839 қызметкерге 272 млн теңге көлемінде жалақы берешегі төленді.

Сондай-ақ, қабылданған шаралармен жоғарыда аталған ЖШС бұрынғы қызметкерлеріне жұмысынан айырылуына байланысты 131 млн теңге көлемінде өтемақы берілді.

Бүгінгі таңда Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарда жалақы бойынша берешек жоқ.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5824 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Как построить бизнес в Казахстане без агашек

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить