ХААЖ арқылы жүргізілген ақша аударымдарының көлемі 1,12 трлн теңге болды

2023 жылғы қаңтар – қазан аралығында Қазақстан бойынша және шетелге банктік шот ашпай халықаралық ақша аударымдары жүйелері (бұдан әрі – ХААЖ) арқылы жүргізілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 1,12 трлн теңге болды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Негізінен ХААЖ банктік шот ашпай-ақ аударымдар үшін қолданылады. 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда операциялар көлемінің 26,7%-ға төмендеуі байқалады (төмендеу алынған аударымдардың көлемі бойынша көбірек белгіленеді). Операциялардың негізгі үлесі 95% – Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі.

2023 жылғы 10 айда ХААЖ арқылы шетелге жіберілген ақша көлемі 806,9 млрд теңгеге жетті (жиынтық көлемнен 72%), осы кезеңде алынған ақша аударымдарының көлемі 258,5 млрд теңге (23%) болды.

Қазақстандықтар шетелге орта есеппен 375,3 мың теңгеге аударымдар жібереді, ал алынған төлемдердің орташа сомасы 280,4 мың теңге болды. Негізінен бұл аударымдар жеке тұлғалар арасындағы өтеусіз аударымдар сипатына ие.

ХААЖ арқылы банктік шот ашпай жіберілетін трансшекаралық аударымдар негізінен Өзбекстанмен (28,9%), Ресеймен (24,2%), Түркиямен (22,9%), Грузиямен (9,5%) және Қырғызстанмен (3,4%) жүзеге асырылады. Шетелге аударымдарды табыс табу мақсатында елдің аумағында болуы мүмкін қазақстандықтар да, шетелдік азаматтар да жүзеге асырады.

Шетелден алынған аударымдар құрылымында көп бөлігін Ресейден (36,5%), Өзбекстаннан (11,0%), АҚШ-тан (10,8%), Оңтүстік Кореядан (10,6%) және Түркиядан (6,3%) аударымдар құрайды.

Шетелге жіберілген аударымдар бойынша төлем жүйелері бөлігінде үлесі 70%-дан асатын «Золотая Корона» төлем жүйесі алдыңғы орында тұр. Шетелден алынған аударымдар бойынша операциялардың негізгі үлесі «Золотая Корона» және «Вестерн Юнион» төлем жүйелеріне тиесілі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4874 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Как казахи хотели Чингисхана «украсть»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить