Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы тәуелсіз рейтингте позициясын едәуір жақсартып

2023 жылдың 13 қарашасында Базель менеджмент институты ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы ең беделді дереккөз болып табылатын жыл сайынғы «Basel AML Index» рейтингін жариялады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі. 

Бұл рейтингте Қазақстан 100-ден астам елді артқа тастап, 4,71 ұпай жинай отырып, позициясын 27 тармаққа жақсартты.

Бұл еліміз үшін 2012 жылдан бері жарияланып келе жатқан рейтинг тарихындағы ең жоғарғы нәтиже.

Қазақстан рейтингте Қытай, Түркия, БАӘ, Сербия, Болгария, Венгрия, Румыния, Катар, Бахрейн және Сауд Арабиясы секілді елдерден басып озды.

Тәуекел деңгейі ең төмен топ-5 елдің қатарына Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра және Швеция кірді.

Айта кетейік, зерттеу қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландырудың (КЖ/ТҚ) жоғары тәуекелдеріне ықпал ететін әртүрлі факторларды өлшейтін 5 бағыт бойынша 18 көрсеткішке негізделеді.

Алынған нәтиже FATF стандарттарына сәйкестігіне Өзара бағалауды сәтті аяқтау мен ақшаны жылыстатуға қарсы жүйенің барлық бөліктерінің жұмыс істеу тиімділігінің арқасында мүмкін болды.

Еліміздің қаржылық қауіпсіздігін одан әрі нығайту жұмыстары жалғасатын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6662 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Сможет ли война в Украине спровоцировать казахстанцев на новые массовые протесты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить