Елордадағы қар полигондарына 60 мың жүк рейсі тасымалданды

Қысқы кезең басынан бері елорда көшелерінен 800 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл шамамен 60 мың жүк рейсін құрайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Демалыс күндері қалың қар түріндегі жауын-шашын жауды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 31 желтоқсанда елордада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с, кей жерлерде 28 м/с жетеді.

Тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті.

Түнгі ауысымға сағат 18.00-ден бастап Астана көшелеріне 1000-нан астам арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы шықты.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар жүк көліктерінің нөмірлерін оқу жүйесімен жабдықталған. Ол жерде бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда аса сақ болуды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды және ұзақ сапарға шықпауды сұраймыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6130 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Руслан Шаекин: Миллионер из Караганды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить