Жылдық инфляция қарқыны тұрақты түрде баяулап келеді

2023 жылғы желтоқсанда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап, 0,8% құрады (2023 жылғы қарашада – 1%). Азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%, ақылы қызметтер – 0,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында баға тәтті бұрыш пен жүзімге – 5,4%-дан, жұмыртқаға – 4,1%, жаңа піскен жемістерге 2,1% өсті. Бағаның өсуі алкогольді сусындарға – 1%, жеміс және көкөніс шырындарына 1,1% байқалды.

Кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне баға – 4,2%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтеріне – 1,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1,2% өсті. Әуе жолаушылары көлігі қызметтерінің бағасы 12,8% төмендеді.

Ағымдағы жылдың желтоқсанында бағаның өсуі электр жылытқышқа – 1,2%, ағаш отынына – 0,7%, тас көмірге 0,6% байқалды. Дәрілердің бағасы 1,1% өсті.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында – 1,4% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – Ұлытау, Ақтөбе Павлодар облыстарында 0,3%-дан тіркелді.

Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Алматы қаласында – 1,3%, азық-түлік емес тауарлары – Астана қаласында және Батыс-Қазақстан облысында 1,5%, ақылы қызметтер Атырау облысында 4,1% өсті.

2023 жылғы желтоқсанда жылдық мәндегі инфляция деңгейі 9,8% құрады (20,3 - желтоқсан 2022гг). Азық-түлік тауарларының бағасы – 8,5%, азық-түлік емес тауарлар – 9,1%, ақылы қызметтер 12,4% өсті.

2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда қырыққабат – 47,9%, жүзім – 45,1%, күріш 34,3% қымбаттады. Баға парацетамолға – 76,2%, ацетилсалицил қышқылына – 51,4%, белсендірілген көмірге 26,8% өсті. Керісінше, жылдық мәнде қарақұмық жармасы – 22,6%, күнбағыс майы – 18%, құмшекер 15,8% арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

«Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Біз жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтер мен баға өзгерісін бақылаймыз. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі», – деп түсіндірді бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

*2023 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 28,6% құрады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4148 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3784
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2439
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3192
Forbes Video

Лилия Рах: Из деревни - к звёздам мировой индустрии моды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить