2024 жылдың қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерді реттеу тәртібі өзгереді

Отандық банк секторының нығаюына және банктерде тәуекелдерді басқару жүйесінің дамуына байланысты ҚДКБҚ 2024 жылдан бастап, халық депозиттері бойынша мөлшерлемелерді директивті реттеу механизмінен едәуір нарықтық реттеу механизміне өтеді.

Мөлшерлемелерді нұсқаулық, яғни директивті басқару нарықтық шара емес. Ол банктер арасында нарықтық бәсекелестікті шектейді және келешекте олардың қызметіне нұқсан келтіруі мүмкін. Қазіргі уақытта қадағалау талаптарының күшеюін және банктерде тәуекелдерді басқару мәдениетінің артып жатқандығын ескерсек, депозиттік нарықтың дамудың келесі кезеңіне өтуіне жағдай жасалды деуге болады. Нәтижесінде ҚДКБҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және банк секторымен бірлесе отырып, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, депозиттер нарығында анағұрлым икемді және иілімді реттеу механизмдерін енгізу туралы шешім қабылдады.

Әзірленген бұл реформаның көздеуінше шекті мөлшерлемелер енді тек өтімділік тәуекелдеріне шалдыққыш және сәйкесінше өктем сипаттағы депозиттік саясат жүргізуге бейім банктер санатына ғана белгіленетін болады. Шекті мөлшерлемелерді белгілеуге қатысты бұл тәсілді Депозиттерді Сақтандыру бойынша Федералды Корпорация (FDIC, США) табысты түрде қолданып келеді. Қор әдеттегідей өзінің ресми сайтында шекті мөлшерлемелер мөлшерін тұрақты түрде жариялайтын болады. Бірақ олар енді тиісті банктерге ғана арналады.

Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерді белгілеу бағдары нарықта қалыптасады. Банктер бұрынғыдай өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өз беттерімен белгейді. Бірақ олар жүйелік тәуекел үшін банктің мөлшерлемесі мен орташа өлшемді нарықтық мөлшерлеме арасындағы спредтке қарай жарна төлейді: банктің мөлшерлемесі нарықта қалыптасқан мөлшерлемеден ауытқығын сайын оның ҚДКБҚ-ның болашақ төлемдеріне арналған арнайы резервіне төлейтін жарнасының мөлшері де артатын болады. Сонымен қатар егер банктің мөлшерлемесі орташа нарықтық мөлшерлемеден төмен болса, жаңа механизм бойынша резервке төленетін күнтізбелік жарналардан дисконт көзделген. Соның нәтижесінде ҚДКБҚ үшін жүйелік тәуекел үшін төленетін жарналардың жалпы мөлшері барлық қатысушы банктер бойынша нөлге тең болады, яғни депозиттерді нарыққа қарағанда қымбатқа тартатын банктер депозиттерді нарықтық мөлшерлемеден төмен мөлшерлемемен тартатын банктердің орнына «төлейтін» болады.

Мөлшерлемелерді реттеудің жаңа механизмін енгізудің арқасында депозит нарығында барабар нарықтық баға белгіленімі дамиды және депозиттерді тартуда бағадан тыс талаптарды жақсарту арқылы қатысушы банктер арасында бәсекелестік артады – банктің қаржылық көрсеткіштері жақсарады, қызмет көрсету сапасы артады, филиалдық желі кеңейтіледі және мобильді қосымшылар дамиды деп күтіледі.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4401 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Антон Долин: отъезд из России, коллеги по «Вечернему Урганту», русское кино во время войны

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить