2023 жылы Қарағанды облысында АӨК саласында 28 инвестициялық жоба іске асырылды

Қарағанды облысында аграрлық сектор дамуда. 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасына мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, 96 инвестициялық жоба енгізілген. Оның 28-і өткен жылы іске асты.

Облыс әкімдігі 2023 жылдың қорытындысы және АӨК саласындағы 2024 жылға арналған жоспарлар туралы хабарлады.

«2023 жылы 10 млрд теңгеге 28 жоба іске асырылды. Оның 11-і мал шаруашылығында, 13-і өсімдік шаруашылығында және 4-і қайта өңдеуде. Ақтоғай ауданында өнімділігі тәулігіне 1200 литр қымыз өндіретін цех ашылды. Нұра ауданында ұн тарту кәсіпорны іске қосылды. Қарағандыда «Евразиан Фудс» АҚ тазарту желілерін жаңғыртуды жалғастырды», – деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин.

Абай және Бұқар Жырау аудандарында суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жобалар іске асырылды. Бұқар Жырау ауданындағы «Абат» шаруа қожалығы түйе өсірумен айналысты. Қарқаралы және Нұра аудандарында асыл тұқымды өнімдер мен бордақылау алаңдары құрылды.

2024 жылға 361 жұмыс орнын құрумен 43,6 млрд теңгеге 27 инвестициялық жоба жоспарланған. Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласында – 7, өсімдік шаруашылығы мен қайта өңдеуде – 10. Жаңа сүт-тауар фермалары, бордақылау алаңдары, жылыжай кешендері ашылады деп күтілуде. Суармалы жерлерді қалпына келтіру жалғасады. Сүтті терең өңдеу, элеватор мен құрама жем зауытын жаңғырту және т. б. бойынша жоба жоспарлануда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8765 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Почему Байтасов хочет стать акимом Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить